Мектеп тарихы » Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72775) 4-05-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
март
2017

Мектеп тарихы

ТАРИХ АНЫҚТАМАСЫ
      Мектебіміздің тарихына үңілсек,1990 жылы 340 орындық Есік қазақ мектебі болып ашылды. Мектеп директорлығына Г.Ахметова тағайындалған. Ал, 1991 жылдың 16 шілдедегі Еңбекшіқазақ аудандық атқару комитетінің №8-243 шешімі бойынша жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Рақымжан Тоқатаев есімі берілді. Осы оқу жылында 17 түлек бітіріп, алғашқы Үздік аттестатты  Салықов Бауыржан иеленді. Сол жылдары бес бастауыш сынып, алты жоғары сынып, жалпы саны-500 болды.
v  1992-1993 оқу жылдары Қобланова Аққағаз Мақсұтқызы директор болып қызмет атқарды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дүйсен Сарынбаев болды.
v  1993-1999 оқу жылдары Дощанов Нұрлан Абдрахманұлы мектеп директоры болып қызмет атқарған жылдары 9 бастауыш сынып, 17 жоғары сыныпта 620 оқушыны қамтыды.
v  1993-1994 оқу жылдары екі Үздік аттестат алды. Майлыбеков Бауыржан,Сейсенбинова Жанар. Бітіруші түлектер-39 оқушы.
v  1994-1995 оқу жылында 29 түлек бітіріп, Шамшитов Бауыржан Үздік аттестат иегері атанды.
v   1998-1999 оқу жылында 52 оқушы бітіріп, оның 3-еуі Үздік аттестат алды. Олар: Өтесінова Гүлшат, Мырзаханова Динара, Садыкова Жанымкүл. 1998 жылы Кеңес Одағының батыры Р.Тоқатаевтың 75 жылдығына орай мектеп ішінен мұражай ашылды.
v  1999 жылдың 17 наурызында аудындық білім бөлімінің №22 бұйрығымен Мұқашев Серік Баженұлы директорлық қызметке тағайындалды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Смаилова Сара, Жұмаханова Панар болды.
v  1999-2000 оқу жылын 62 түлектің 5-еуі Үздік аттестатпен бітірді.  Олар:Байсекенова Айсұлу, Сейілхан Балзия, Баймағанова Мадина, Орынбетова Асем, Дармұханова Алтынай.
v  2005 жылдың сәуір айынан бастап мектеп директоры Қатубаев Ильяс Изимбаевич сайланды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлішев Қайролла болды.Осы жылы мектепті 40 түлек бітіріп, екі «Алтын белгі» иегерлері болды. Олар: Байкенова Айгерім, Ракишева Маржан.
v  2006-2007 оқу жылында мектебімізде зейнеткер ұстаз Естеу Нүсіпбековтың (балалаларының ұйымдастыруымен) атынан қазақ тілі кабинеті ашылды. Сонымен қатар екі информатика кабинеттері ашылып,     15 жаңа компьютермен жабдықталды.
v  2007-2008 оқу жылының басында Облыстық Білім Департаментінің №133 бұйрық негізінде Искаков Қази Нағашыбайұлы мектеп директоры қызметіне тағайындалды. Осы жылдың қазан айының 5-і күні мұғалімдердің қолдауымен зейнеткер ұстаз Айдарова Зағыштың атынан бастауыш сынып кабинеті ашылды.
v  2013 жылдан бастап мектеп директоры болып Айтахунова Тамара Байжұмақызы қызмет атқаруда. Осы оқу жылында 26 түлек бітіріп, 1 «Алтын белгі» иегері Серікбай Айнагүл, Үздік аттестат  иегері Айтбай Айжан болды.
v   2015-2016 оқу жылында 34 оқушы мектеп бітіріп, олардан Серікбай Ақмарал «Алтын белгі» иегері болса, 2 оқушы Имаш Сандуғаш, Сұлтанбекова Айгерім Үздік аттестатпен бітірді.
     
«Р.Тоқатаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің қызметінде төменде көрсетілген нормативті-құқықтық құжаттарды негізге  алады:
-  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 27.07.2007 жыл №319-ІІІ.
-  Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы 11.07.1997 жыл №151-1.
-  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.05.2013 жыл №499 қаулысымен бекітілген  «Жалпы білім беру  ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  қызметінің үлгілік қағидаларын»  негізге ала отырып, мектепте Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған нормативті-құқықтық құжаттар бойынша жұмыс жүргізіледі.
«Р.Тоқатаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі құжаттары сақталған.
• №746-1907-12-ММ қайта тіркелгені туралы, сериясы №0604060   22.11.2012 жыл.
• Р.Тоқатаев атындағы орта мектебінің техникалық төлқұжаты Ф-2 (Абай көшесі № 231)          
• Лицензия карточкасы №13000977 «Р.Тоқатаев атындағы орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Лицензия берген орган  «Қазақстан Республикасы Білім   және  ғылым министрлігінің Білім саласындағы бақылау комитетінің Алматы облысы білім саласындағы  департаменті»   негізі № 28.01.2013 жылғы бұйрық №74 қосымшасымен.
•   Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – «Р.Тоқатаев атындағы орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тіркеу №091200012761 берілген күні 12 наурыз 2001 жыл.
•  «Р.Тоқатаев атындағы орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензиясы.
• Мемлекеттік мекеме ретінде «Р.Тоқатаев атындағы орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің казақ тілінде мөрі бар.
• Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Р.Тоқатаев атындағы орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы.
• 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы  №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің  2012 жылғы 03 сәуірдегі №115 бұйрығымен  бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылды.
• 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы  №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің  2012 жылғы 03 сәуірдегі №115 бұйрығымен  бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
• 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы  №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің  2012 жылғы 03 сәуірдегі №115 бұйрығымен  бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
• «Өзін-өзі тану» пәнін «Адамның үйлесімді дамуы» институты дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы                    03 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізіледі.
• 2013-2014 оқу жылынан 1-сыныпқа «Шетел тілі» пәні енгізілді.             2-4-сыныптарға «Шетел тілі» пәні енгізілгенге дейін «Дүниетану» пәнін апталық екі сағаттық оқу жүктемесімен жүргізу жалғасты.  5-6-сыныптарға «Информатика»  пәні енгізілді. 10-11 сыныптарда «АӘД»  пәнінен вариативті компонетінен 1 сағат жүргізілді.
•                     2014-2015 оқу жылы 10 сыныптарда «АӘД»  пәнінен вариативті   
     компонетінен 1 сағат жүргізілді.
•                    2014-2015 оқу жылынан 2-сыныпқа «Шетел тілі» пәні енгізілді.             3-4-сыныптарға «Шетел тілі» пәні енгізілгенге дейін «Дүниетану» пәнін апталық екі сағаттық оқу жүктемесімен жүргізу жалғасады.
•                    2015-2016 оқу жылынан 1-сыныпқа «Шетел тілі» пәні енгізілді.             4-сыныптарға «Шетел тілі» пәні енгізілгенге дейін «Дүниетану» пәнін апталық екі сағаттық оқу жүктемесімен жүргізу жалғасады.
•                    Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында 2014-2015 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде, электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі №146 бұйрығымен анықталған:
•                    24-ке жеткен кезде немесе одан асқанда қалалық мектепте білім алушылар екі топка бөлінген.
Орыс тілі 3-9-сыныптар
Шет тілі 1-3, 5-9-сыныптар
Технология 5-9-сыныптар ( қыздар, ұлдар)
Дене шынықтыру 5-9-сыныптар( кыздар, ұлдар)
Информатика 5-9-сыныптар
•                    1-11-сыныптарда «Дене шынықтыру» пәні 3 сағат апталық жүктемесімен жүргізіледі. 
•                    Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін «Дінтану негіздері» курсын 1 сағат апталық жүктеме берілді. 
•                    Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытында «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында бұйрығымен бекітілген  «Өлкетану» 2014-2015 оқу жылы  7-сыныпта география пән мұғалімі Х. Молжігітова, «Абайтану» 9-сыныпта қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Н.Қойбасова таңдау курстарын жүргізді.       
•                    5-9-сыныптарда мектеп компонентінен, ал 10-11-сыныптарда қолданбалы, таңдау курстан қосымша (факультатив және үйірме) сабақтарды ұйымдастыруда негізгі сабақ кестесінен бөлек қосымша сабақ кестесі құрылып, мектеп директорының мөрімен бекітілген. Мектепте факультатив сабақтарын жүргізуде әр пән арнайы тақырыптар бойынша аптасына бір сағат жүргізіледі. 1-2-сыныптар арасында мектеп компонентінен 2/1 сағат, 3-4-сыныптарда 3/1, 5-сыныпта- 4/1 сағаттан, 6-сыныпта–2 сағаттан, 7-9-сыныптарда – 3/1 факультатив және үйірме сағаттары  бөлінген.
•                    10-11-сыныптарда   бейінді оқыту жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық   бағыт  бойынша   жүргізіледі. 10-11-  қолданбалы     курстарға 6/1  сағаттан,  таңдау  курстарына 1 сағаттан мектеп компонентінен бөлінген. 
•                    АӘД пәні Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығының 77-қосымшасы негізінде 10-сыныптарда инвариантты компонентінен 1 апталық сағат, вариантты компонентінен 1 апталық сағат, жалпы 68 жылдық сағат жүктемесі. Оның ішінде 30 сағат дала-оқу жиыны, 4 сағат  бақылау-тексеру сабақтары (сынақ).
 

Похожие публикации:

05 апрель 2017 сабақ кестесі
HaroldCar
23 ноября 2017 15:11
Ты только подумал, а я уже сделал
-----

личный кабинет мегафон вход

А вы не ошиблись часом
-----

тут

Шутка года
-----

виндовс

Излагайте в том же духе
-----

аренда офиса под банк

тут кто то офисе хотел если, то Вот
-----

продажа офисов деловой центр

Верная структура
-----

аренда офиса в центре

особняка для крутых ребят =)
-----
продажа особняка

Развели тут непонятную дискуссию
-----

активатор windows 7
Andrewhet
11 декабря 2017 17:01
Как отмечать будете?

-------

скачать активатор windows 7 с сайта http://aktivator-windows-7.org/
turkey the best 2022 diyarbakır escort - ofis escort web site.