Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаев » Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72775) 4-05-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаев
08
февраль
2023

Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаев


Мұқағали Мақатаев есімі бүгінде бар қазаққа мәшһүр. Ақын халқының сүйіспеншілігіне бөленген перзент. Қазақ халқын талантымен баурап алған Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Қарасаздың сұлулығы Мұқағалидың ақындық талантының қайнар көзі болды.
Ақынның азан шақырып қойған аты – Мұхамметқали. Бірақ ата-анасы Пайғамбардың есімімен жүру ауыр тиеді деген ниетпен бала күнінен Мұқағали деп еркелетіп кеткен. 
Ақынның әкесі Сүлеймен қарапайым шаруа адамы болған. Мұқағали үйінің тұңғышы. Ақынның балалық шағы қызықты өткенін Қарасазға арналған «Туған жер» өлеңінде армансыз өткен балалық шағын еске алып, өткен күнге саяхат жасағанынан аңғарсақ болады. Мұқағали балалық шағының бүкіл әлемін сүйді және сол күндерді қатты сағынды. Және оның поэзиясының көптеген суреттерін тудырған дәл сол балалық шақтағы естеліктер болды. Бірақ соғыс Мұқағалидың өміріндегі барлық нәрсені өзгертті. Әкесі соғысқа кеткенде, ол 10 жаста еді. Ал өмірдің барлық ауыртпалығы балалық шағымен қоштасқысы келмеген жасөспірімнің иығына түседі. Жауынгер ұрпақтың барлық ұлдары сияқты, әйел мен балалар ғана қалған үйде ер адам ретінде қалғанын түсініп, ерте ер жетті.
Мұқағалидің әкесі майданда қайтыс болды. Сол уақыттан бері ол жай ғана сөніп, жоқ болып кетуге құқығы жоқ екенін түсінді. Өкінішке қарай, қарындасы мен інісі дүниеден ерте кеткен.
1948 жылы Мақатаев Нарынқолдағы мектеп-интернатты бітірді. Ол Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне, одан кейін Шет тілдер институтына және тағы да Қазақ мемлекеттік университетіне, бірақ заң факультетіне оқуға түскен. 1973 жылы Мәскеудегі Максим Горький атындағы әдебиет институтының студенті болды. Бірақ отбасылық жағдайға байланысты бірінші курста оқуды тастап кетті. Мақатаевтың жоғары оқу орындарына еш қиындықсыз түсіп кетуі оның қабілеті мен білімге ұмтылысын дәлелдейді. Мүмкін бұл Мұқағалидың жүрегінде мәңгі сақталып қалған әкесінің аманатынан шығар. Ақынның әкесі оған әжесі Тиін мен анасына, іні-қарындасына тіреу болып қана қоймай, сонымен бірге міндетті түрде оқы деп айтып кеткен.
Мақатаев ерте отбасын құрды. Ол 1949 жылдың көктемінде 17 жасында Лашынға үйленді.  Ол кезде Лашын 21 жаста еді. Ақын болашақ әйелі Лашын Әлімжановамен Шибұт ауылында жұмыс істеп жүрген кезде танысты. Ерте отбасылы болған ерлі-зайыптылардың Ләззат, Майгүл, Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан есімді балалары дүниеге келді. Ауылда тұрып Мұқағали кеңес хатшысы болып жұмыс істеді, содан кейін мектепте орыс тілінен сабақ берді, аудандық газетте тілші болды.
Ақын 1962 жылы отбасымен Алматыға көшіп келеді. Оның өлеңдерін оқыған Әбділда Тәжібаев Мұқағалидан үлкен ақын шығады деп, Алматыға өзі шақырған. Қалаға көшіп келген ақынның кәсіби қызметі әдебиетпен тығыз байланысты болды. Ол қазақ радиосында диктор, «Социалистік Қазақстан» газетінің журналисі, «Жұлдыз» журналының қызметкері, Жазушылар одағының жастар істері жөніндегі кеңесінің басшысы болды.

turkey the best 2022 diyarbakır escort - ofis escort web site.