2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың талдауы » Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72775) 4-05-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың талдауы
03
июль
2023

2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың талдауы

Мектеп ұжымының сапалық құрамы- сапалы білімнің кепілі. Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрлымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын құзыреттілікке және сапаға бағытталған тың бағдарлама. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау-ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес. 

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы.

Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін – өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзыретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. 

   Мектеп бойынша барлығы 72 мұғалім жұмыс істеді, оның ішінде:

Білімі бойынша:

Жоғары білімді- 64

Арнаулы орта білімді-8

Санаты бойынша:

Педагог-шебер-1

Педагог-зерттеуші-3

Педагог-сарапшы-15

Педагог-модератор- 12

Педагог-36

Жоғары-4

Бірінші-1

    Өткен оқу жылымен салыстырғанда 2 зерттеушіге, 3 модераторға артты.  Кадр тапшылығы жыл өткен сайын азаюда, атап айтсақ, 2021-2022 оқу жылында дефектолог маманы қажет болса, 2022-2023 оқу жылында кадр тапшылығы болмады.

2022-2023 оқу жылындағы кадрлар құрамы

Пән  бойынша   мұғалімдердің  біліктілігін  көтеру


Пәндер

2020-2021

2021-2022

2022-2023

Барлығы

65

65

72

Қазақ тілі мен әдебиеті

1


1

Орыстілі     мен әдебиеті

3

1

1

Ағылшын тілі

1


3

Тарих

1

2

3

Математика

3

1

1

Информатика

2

1


География

1


1

Биология




Химия

1


1

Физика


1


Технология

1



Музыка


1


Дене     шынықтыру

2

1

2

Бастауыш сынып

5

3

6

АӘД




Психолог


1

2

Өзін-өзі тану

5

2


Құқық

1

1


Сынып жетекшілері

5



Мектепалды даярлық




Жаңартылған бағдарлама бойынша

20

10


«Кембридж»     бағдарламасы

1



 2022-2023 оқу   жылында  - 20  педагог   маман  білім жетілдіру  курсынан   өтті.  Курстан  өткен   мұғалімдердің  есеп  беруі   ұйымдастырылған. Жыл бойына болып жаткан курстарға уақытылы жіберіліп отырады.

      Мұғалімдердің  өзіндік   білім  көтеру  жоспарлары   бар, материалдары   жинақталып,  портфолио  жасалған.     

Тұжырымдамалар   мен ұсыныстар:

  • Бірінші және жоғары санатты мамандарды көбейту бойынша тенденцияны сақтап қалу.
  • Әртүрлі (базалық) деңгейдегі жаңа курстар тыңдаушыларының санын көбейту.
  • Кадрларды  іріктеу   және  орналастыру
  • 2022-2023- оқу жылында – 1
  • Кадрларды   іріктеу  және  орналастыру   дұрыс  жолға  қойылған.   Барлық  пәндер  мамандармен   қамтамасыз етілген.
  • Қызметтік  марапаттаулар. Мұғалімдерді моральдық  және   материалдық  ынталандыру  іс-шаралары   бойынша  мұғалімдерді  алғыс   хаттармен,   аудандық  білім бөлімінің   мақтау қағазымен  марапатталды.


Оқу жылы

Республикалық

Облыс

тық

Минис

трлік

Аудандық

ҚР  білім     беру  ісінің  Құрметті     қызметкері

3

2020-2021

3

1

1

12

-

4

2021-2022

4

2

-

10

-

5

2022-2023

5

3

1

13

-

Жас  маман

Оқу жылы

2020-2021

2021-2022

2022-2023

1

Жас  маман

10

13

16

Оның  ішінде   жас  маман  ретінде жаңадан  қабылданған

Оқу жылы

2020-2021

2021-2022

2022-2023

1

Жас  маман

2

5

7


         Жас  маманмен   жұмыс.  Мектепте  «Жалын»   жас мамандар   мектебі   құрылған.  Жас мамандардың  өзіндік   жұмыс  жоспарлары  бар.   Бекітілген  тәлімгерлер  жас   мамандарға  әдістемелік  көмек   көрсетіп  отырады.  Мектепішілік   жас  мамандармен  тәлімгерлер   арасындағы  қарым-қатынасты  нығайту   мақсатында  дөңгелек   үстел,   іскерлік  ойындар,  семинарлар   жоспарланып,  тоқсан  сайын   өткізіліп  отырады. 

       Мектеп  бойынша жас мамандарға    “Жалпыға   бурдей  білім беру”  заңымен   таныстырылды  және  “ Күнтізбелік   жазу  үлгісі,  сабақ   жоспарыларын  жасау  және   сабақ   түрлері”, “Сын  тұрғысынан   ойлау  қабілетін  дамыту    технологиясы”, “Сабақта   үлгерімі  төмен оқушыларымен  жұмыс   жасау  әдістері”,   “Сабақта   дарынды  балаларымен жұмыс   жасау   әдісі”, “ Сабақ  түрлері  және типтері”   тақырыптарында  отырыстар, дөңгелек  үстел , «Білім берудің  жаңатехнологияларын  тиімді   пайдалану», «Оқу  процесін  ұйымдастыруда   қолданылатын  педагогикалық    тәсілдер, әдістемелер, технологиялар» атты   семинарлар   ұйымдастырылып  отырылады.   Қантар   айында жас  маман  ұстаздар   бірінші   жартыжылдықта  істеген   жұмыстары   бойынша  есептер   беріліп,  және  тәлімгер   ұстаздар  арасында “Жас  мамандарды   бағалау”  мониторингі жүргізіледі.  Бұл   мониторинг  бойынша   ұстаздың    қасиеттері: дербестілігі,   орындаушылығы, еңбекқорлығы,   жауапкершілігі,   шығармашылығы,  ұқыптылығы  және   тәртіптілігі  бағаланды.  Сәуір   айында “Жасмаман»  апталығы   өткізіліп, жас  мамандар   үлгі  сабақтар   беріп,   өзіс – тәжірбиесімен  бөлісіп   отырады.    «Үздік жас  маман»  байқауы   өткізіліп,   және  барлық   ұйымдастырылатын  байқаулар, сайыстар    іс-шараларға   қатырыстырылып      отырылады.    Әр   жас маман  өз  жұмысында кездескен проблемаларымен  болісті және   сол проблемаларды  шешу  жолдары   айтылып   және  істелген   жұмыстары   туралы  есеп   берді.  Қорыта айтқанда  жыл   сайын  жасмамандар, тәлімгер  ұстаздар    тығыз   байланыста    жұмыс    істейді. 

         Биылғы оқу жылында  3  жас маманға   ақылы тәлімгер бекітіліп, жұмыстар жүргізілді. 

Сонымен қатар, «Пегогикалық олимп» атты жас мамандар байқауы ұйымдастырылып, 7 жас маман қатысып, мамыр айының соңында мәресіне жеттіп, марапатталды.       

Еңбек  тәртібі – мектеп  қызметкерлерінің  ішкі   тәртібі  педагогикалық  кеңесте   қаралып,  үнемі  сақталып   отырады.  

    Педагогикалық  тәжірибені   жалпылау  жұмысы  бойынша   педагогикалық  кадрлардың  шеберлігін   арттыруға  бағдарланған  шығармашылық   тобы  құрылған.  Жетекшісі   ретінде  педагог шебер , бастауыш сынып   мұғалімі   Кенжебекова Гулнара Бегдиловна бекітілді. Топ  құрылып,    жоспар   бойынша  жұмыс  жасалды. Тәжірибелі  мұғалімдер   Э.Баймолдаева, Н.Қойбасова, З.Музбаева, Д.Байбориева, У.Шекен, М.Нуракова, М.Мамутова, М.Шералиева, Д.Бектенова, Қ.Қалжанова, Н.Нуракова,Г.Егізбаева   мастер -класс, коучинг, үлгі сабақтар, дөңгелек үстел, семинарлар  өткізіп   тәжірибелерімен   бөлісіп отырды.

Оқу удерісін жақсарту, өзара оқыту принциптері негізінде және оқытуды бірлесіп бағалау, бірлескен жұмыс арқылы педагогтардың  кәсіби дамуын   қамтамасыз ету мақсатында «Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп»  КММ -де LESSOND STUDY «Зерттеуші мектеп» журналымен бірлесе отырып  2 жылдан бері жұмыстар  жүргізіліп келе жатыр.

   2022-2023 оқу жылында   тоқсандық қорытынды бойынша ең төмен сапа көрсеткен 8 «Б», 4 «Ғ» сыныптарға   педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес аталған сыныптар «LESSOND STUDY»  іс әрекеті зерттеуге қойылды. «Өрлеу» оқу орталығынан Гаухар Тойлыбайқызы келіп, «LESSOND STUDY»  іс әрекеті зерттеу бойынша семинар өткізді.  Зерттеу барысында мектеп ұжымынан команда құрылып оқушылардың білім сапасын көтеруге бағытталған  жұмыстын   тізгінін ұстады.Бұл эксперимент   мектебіміз үшін  өте тиімді болды. Оқушыларға жаңа идеялар мен ақпаратты өз сөздерімен жеткізуге  мүмкіндік берген  бұл «LESSOND STUDY» тәсілі болды. Оқушылар  өз мәтінінде  түсіндіргендерін өз сөздеріменжеткізе отырып, жақсы есте сақтайды. Сонымен қатар оқушылар арасында ой өрістерін кеңейтуге мүмкіндік беретін қызу пікір алмасу бар.

            «Ынтымақ» кәсіби желілік қоғамдастығы мүшесі ретінде мектептегі «Ұлағат» кәсіби желілік қоғамдастығының жұмысын сапалы жүргізуге, облыстық семинарлар, Республикалық, Халықаралық конференцияларға мектеп тренерлерін қатысуына ықпал етіп әріптестерінен жоғары марапаттарға ие болды. Пандемия уақытында кестеге сәйкес пән мұғалімдеріне қолдау көрсету мақсатында, коучингтер ұйымдастырылып отырды. Сондай-ақ, пандемия кезінде платформаларды пайдалануға, дұрыс жүргізуге, жиынтық бағалауды әзірлеудегі пән спецификациясын сақтау сияқты ауқымды мәселелерді, заңды құжаттарға сүйене отырып нұсқаулық беру жүргізілді.     

 Баспа  беттеріне   «Білім  шапағаты»,  «Алтын ұрпақ»,   «Атамекен»,   «Ұстаз бұрышы»газет –журналдарға, ғаламтор  арқылы   пән  мұғалімдерінің  мақалалары   басылып  шығып  тұрады.

       Мұғалімдердің  байқауларға   қатысу   деңгейі:


Оқу жылы

Аудандық конкурс

Облыстық конкурс

Республикалық конкурс

2020– 2021

5

2

20

2021–2022

2

3

25

2022–2023

3

4

21

Мұғалім  шығармашылығының деңгейлік көрсеткіші  


Көрсеткіш

2020-2021

2021-2022

2022-2023

1

Жыл бойы әдістемелік құралдар, оқу бағдарламаларын әзірлеу 

1

1

-

2

Ғылыми-әдістемелік республикалық журналдардағы жарияланым 

4

5

2

3



Педагогтердің ғылыми-практикалық конференцияларға, қатысуы(конференция жинағындағы жарияланым)

6

5

5

Тұжырымдар мен ұсыныстар:

  • Әдістемелік  жұмыс   шеңберінде  нәтижені  болжау,   мониторинг жүргізу, тәуекелдер мен оң сәттерді есептей білу қажет .
  • Әдістемелік  міндеттерді   жүзеге асыру барысында келесі мәселелер анықталды:
  • өзара сабаққа қатысу жұмыстарының деңгейі төмен
  • басылым жұмысы ғана ұсынылған
  • оқушылардың  ғылыми- зерттеу жұмысын  ұйымдастыру   бойынша  мұғалімдердің жеткіліксіз  құзіреттілігі;
  • мұғалімдердің  инновациялық   режимде, эксперимент режимінде жұмыс істеуге дайындығын зерттеудің  нақты   көрінісі жоқ;
  • Құзіретті  педагогика    аясында   заманауи   сабақты    жобалай    білуді   үйрену;
  • Өздігінен  талдау   және өзін-өзі бағалау арқылы сабақ мониторингы әдістерін меңгеру;
  • Оқудың барлық  сатылары    оқушыларының   оқу  уәждемесін   арттыру бойынша   педагог    қызметін   жетілдіру.


Оқу   әдістемелік    жұмысы

    Мектеп   «Оқу – тәрбие  үдерісіне  заманауи   әдістемелер  мен  технологияларды  енгізу арқылы   білім  сапасын  жақсарту, оқушылардың   фукционалдық   сауаттылығын, шығармашылық әлеуетін дамыту, ұлттық  идеясы   жоғары  тұлға  қалыптастыру»мақсатын  негізге   ала  отырып  жұмыс   жасайды.  Мектепте  оқу-әдістемелік  құжаттары,   яғни  мемлекеттік  жалпы   білім  беру  стандарты   (ЖМБС),  типтік  және   жұмыс  оқу  жоспарлары   және  бағдарламалары  толық   жинақталған.

      Типтік   және  жұмыс  жоспарларының,  оқу   бағдарламаларының  мазмұны,  оқушылардың   оқу  жүктемесінің  көлемі   білім  стандартына  сәйкес.   Мұғалімдердің  күнтізбелік  жоспарлары   толтырылған,  мектеп  әкімшілігімен   бекітілген,  пән  бағдарламаларына  сәйкес.   Сабақ  жоспарлары  толық.   

      Мектепте   әдістемелік  қызметті  ұйымдастыру   мақсатында  әдістемелік  кеңес құрылған,  әдістемелік   кеңесті  құру  туралы    мектеп  әкімшілігінің  бұйрығы   бар.  Мектептің  әдістемелік   проблемасы  «Мұғалімдердің   оқыту  мен  оқу тәжірибесіне  жаңа   әдіс- тәсілдерді  енгізе  отырып,   мұғалімдердің  кәсіби шеберлігін арттыру,  оқушылардың   фукционалдық   сауаттылығын дамыту,  ұлттық  идеясы   жоғары  тұлға  қалыптастыру.Мектептегі  барлық  әдістемелік   жұмыс  жүйесі  әдістемелік   кеңестің  басқаруымен  жүреді.   (жетекшісі –  Ж.Касымбекова – директордың  әдістемелік   оқу  ісі  жөніндегі   орынбасары). Әдістемелік   кеңестің  жұмыс  жоспары   құрылған, 5 отырыс  жоспарланған, хаттамалары  түгел.   Әдістемелік   кеңес  құрамына  7   пән  бірлестігі  кіреді.

                  Оқу   жоспарларындағы  әрбір  пән   бойынша  оқу  сабақтарының   көлемі  толық  орындалды.   Пәндердің  оқытылуын  тексеру   мектеп  жоспарының  басқару   мен  басшылық  бөліміне   енгізілген.  Тексеру  қорытындылары   ДЖО-да  қаралып  отырады.

               Мектепте   қазіргі  заманғы   педагогикалық  технологияларды  және   оқытудың    жаңа  әдістерін,   оқушылардың  танымдық  ынтасын   белсендіру  тәсілдерін  енгізу   мақсатында  шығармашылық  топ   жұмыс  жасайды.  Шығармашылық   топ  құрамына   педагог зерттеуші  және педагог сарапшы    мұғалімдер   кіреді.  Мектеп  мұғалімдерінің  100 пайызы   инновациялық  технология  элементтерін   сабақта  жүйелі  қолданады.   Әдістемелік  онкүндіктерінде  пән   мұғалімдері  жаңа  технология   бойынша  тәжірибе  алмасады.

            Оқу   тәрбие  жұмысының  нәтижесі   бойынша  мониторинг  жасалып,   әр  тоқсан  сайын   педагогикалық  кеңесте  қаралып,   шешім шығарылады. 

                Халықаралық зерттеулерге   дайындық   педагогикалық  кеңесте қаралып,жоспар жасалып, дайындық жұмыстары жүргізіліп,талданып отырды.Жыл басынан оқушылар тізімі алынып, бекітілді.

        Pirls  халықаралық зерттеуіне  4 «б» сыныбы түсіп  биылғы оқу жылының қараша айында жоғары деңгейде тапсырып шықты.

Табысты  оқытудың биік шыңына жету үшін білім  беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы  оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытып, рухани-адамгершілік тәрбие беру мектеп алға мақсат етіп қойды.

Мұғалімдердің оқыту барысында туындаған қажеттіліктерін ескере отырып, мектептің жылдық даму жоспарына семинарлар, коучингтер, тәжірибе алмасу отырыстар енгізілді. Мектепішілік шығармашылық тобы әдістемелік тақырып бойынша жыл бойы семинар, 4 коучинг, сенбі сайын тәжірибе алмасу алаңы өткізілді. 

  Оқыту барысында тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында.«Оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыруда қолданатын жаңа әдіс-тәсілдер» атты коучинг, деңгейлік курстан өткен мұғалімдер тақырып бойынша шеберлік сабақтар көрсетті.   Мұғалімдер коучингтен, шебер сабақтардан   үйренген әдіс-тәсілдерін өз сабақтарында пайдалана білді. Өткізілген сабақтар барысында оқушылардың тақырыпты сыни тұрғыдан талдау қабілеттерінің әлсіздігі көрініс тапты. Бірақ дарынды және талантты оқушыларды оқытуға сабақ барысында көп мүмкіндік бар екендігі байқалды. Осыған орай келесі коучингті сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс–тәсілдерін меңгерту мақсатында «Инновациялық білім беру технологияларын пайдалану арқылы дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында өткізу жоспарланды. Тақырыпты өз бетінше меңгерту барысында оқушылар өзінің және өзгенің біліміне сыни көзбен қарап, кемшіліктерін ескеруі қуантты. Өзін-өзі бағалау, топпен, жұппен бағалау кезінде өз білімінің қандай деңгейде екенін түсініп, ары қарай өзін-өзі реттеу дағдысы қалыптасып жатты. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оң өзгерістер көрсетті.  

         Мұғалімдердің кәсіби білімі жетілідіруде   қыркүйек айында  Еңбекшіқазақ  аудандық білім бөліміне мектеп мұғалімдері тарапынан 3 айлық курс және қысқа мерзімді курстан өту бойынша сұраныстар жасалды.

         Мектептің  әдістемелік бірлестік жұмысы

  1. «Жас буын» бастауыш сынып пән мұғалімдері бірлестігі
  2. «Миф» математика, физика , информатика пән бірлестігі
  3. «Флора» химия , биология,география пән бірлестігі
  4. «Палиглот» орыс тілі мен ағылшын тілі пән бірлестігі
  5. «Мирас» қазақ тілі мен тарих пән бірлестігі
  6. «Өнер»    музыка және технология  пән бірлестігі
  7. «Спорт» дене шынықтыру пән мұғалімі 

1.«МИФ»-физика, математика, информатика пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

        

Биылғы оқу жылында әдістеме бірлестігінде 9  мұғалім еңбек етеді.  

  • Педогог –зерттеуші-1 мұғалім
  • Педогог –сарапшы -1 мұғалім
  • Жоғары санатты-1 мұғалім
  • Педагог –модертор-1 мұғалім
  • Педагог  санатты -5 мұғалім  жұмыс істейді. 

2.«Флора» биология, химия, география пәндері  мұғалімдерінің  әдістемелік бірлестігі. 

Әдістемелік бірлестігінің мақсаты: «Жаңа оқыту технология элементтерін қолдану арқылы оқушылардың функцияналдық сауаттылығын қалыптастыру». 

Биылғы оқу жылында әдістеме бірлестігінде жоғары білімді  4 мұғалім еңбек етеді. 

Кәсіби деңгейі: 

Педогог –сарапшы -2 мұғалім

Педагог санатты -1 мұғалім  жұмыс істейді

3.«Спорт»  дене шынықтыру,көркем еңбек,музыка АӘД пәндері   мұғалімдерінің әдістемелік   бірлестігі.

Әдістемелік бірлестігінің мақсаты: «Салауатты  өмір салтын қалыптастыра отырып, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру»

  • Әдістеме бірлестігі құрамында  жоғары білімді 9  мұғалім бар.
  • Педагог сарапшы-1 мұғалім
  • Жоғары санатты-1 мұғалім
  • Бірінші санатты – 1 мұғалім.
  • Педогог модератор – 2 мұғалім.
  • Педагог санатты–  4 мұғалім.

4.« Жас буын»   бастауыш сыныптары мұғалімдерінің  бірлестігі

 Бастауыш әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: 

«Оқытудың жаңа педагогикалық инновациялық технологиясын қолданып, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдіре

 отырып, жан-жақты дамыған мәдениетті, саналы, таңдаулы, бағдарлы білімді игерген жеке тұлғаны қалыптастыру».

Әдістеме бірлестігінде барлығы 18 мұғалім, 3 мектепалды даярлық топ тәрбиешілері еңбек етеді. 

  • Педогог  сарапшы – 4 мұғалім
  • Педагог шебер-1 мұғалім
  • Педагог зерттеуші -1 мұғалім
  • Педогог модератор -5 мұғалім
  • Педагог  санатты -   7 мұғалім 

5.«Мирас» қазақ тілі мен әдебиеті мен тарих  пәндерінің   әдістеме бірлестігі.

Әдістемелік бірлестігінің мақсаты: қазақ тілі мен әдебиет сабағында жаңа технология элементтерін пайдалана отырып білім сапасын арттыру, білім, білік дағдыларын дамыту, оқушының сауаттылығын арттырып, жеке тұлғаны қалыптастыру.

«Мирас» әдістемелік   пән бірлестігінде 9  мұғалім жұмыс істейді.

  • Педогог-зерттеуші  – 2 мұғалім
  • Жоғары санатты-1 мұғалім
  • Педагог сарапшы-1 мұғалім 
  • Педогог-модератор – 1  мұғалім
  • Педагог-4 мұғалім

6.  «Палиглот »   ағылшын және орыс  тілі пәнінің бірлестігі

Әдістемелік бірлестігінің мақсаты: Ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргізе отырып , оқушыларға тереңде тиянақты білім беру.

Пән  бірлестігінде   10  мұғалім жұмыс істейді

Педагог зерттеуші -1 мұғалім

Педогог-сарапшы – 4 мұғалім. 

  • Педогог-модератор – 1 мұғалім.
  • Педагог санатты -4  мұғалім

        Мектеп оқушылары аудандық, облыстық, республикалық байқауларға үнемі қатысып, жүлделі орындармен марапатталып отырады.

«Ақбота» интеллектуалды марафонынан 30 оқушы 1,2,3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Республикалық   және халықаралық түрлі байқаулардан 10 оқушы түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

«Адам және Табиғат» халықаралық ойындарынан  4 оқушы  1,2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Кіші Ғылым Академиясы» ғылыми-практикалық байқауына 2 оқушы 1 орын-, 2 орын-1.

 2022-2023 оқу жылында Облыстық дзюдодан 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында І орын; Республикалық "Жарқын болашақ" "Тәуелсіздік ұрпақтары атты шығармашылық байқаудан "Аспапта ойнау" жанры бойынша ІІ орын,ІІІ орын. Түркияда өткен "Көркем сөз " оқу байқауынан ІІ орын.  «Сен ғылымға болсаң ынтық» атты республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, 2 оқушы І дәрежелі дипломмен және төсбелгімен марапатталды. VI Республикалық дарынды балалар форумы ҚР-ның Мақтанышы-2023 атты форумына қатысып дипломмен және төсбелгімен  марапатталды.

  • 3 «А» сынып оқушылары Мақсет Ерасыл мен Айболқызы Інжу «Сен ғылымға болсаң ынтық» атты республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен және төсбелгімен марапатталды. Жасаған жұмыстары электронды кітапқа енгізілді. Жетекшілері – Алиева Мехрибану,Икласова Аля.
  • 2 «А» сынып оқушысы Жаппарбергенова Ясмина    10-нан аса онлайн конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі – Сібебай Әсел Жеңісқызы.
  • VI Республикалық дарынды балалар форумы ҚР-ның Мақтанышы-2023 атты форумына қатысып дипломмен және медальмен марапатталды.жетекшісі-Қойбасова Назира Кизатбековна.
  •    19 сәуір күні  «№1 Рахат орта мектебі»  базасында аудандық «Жарқын болашақ» атты  олимпиадасына Аманбай Әминасултан «Жас қаламгер» бағыты бойынша,
  • Салманов Көптілеу «Сөз шеберлері» бағыты бойынша қатысып, дипломмен марапатталды. 

2022-2023 оқу жылындағы мектепте спорттық үйірме сабақтары жүргізілді.

Жетекшісі

Бағытты

Үйірменің атауы

1

Иисов Ерлан

Спорттық

Баскетбол

2

Пиялиев Ержан

Спорттық

Волейбол (ұлдар)

3

Дүнгенбай Еркебұлан

Спорттық

Волейбол (қыздар)

6

Балташева Бану 

Спорттық

Жеңіл атлетика

Похожие публикации:

24 январь 2022 Бала құқығы
07 апрель 2017 Хаттама
07 апрель 2017 Хаттама
turkey the best 2022 diyarbakır escort - ofis escort web site.