2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың жұмысының талдауы » Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72775) 4-05-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың жұмысының талдауы
03
июль
2023

2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың жұмысының талдауы

Жалпыға бірдей міндетті білім беру, «Мектепке жол» акциясының өту барысы туралы

        Биылғы  2022-2023 оқу жылында  мектепте «Балаларға– бірге көмектесейік!» ұранымен өткізілетін «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акция аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетуге демеушілерді тарту арқылы басты назарға ерекше мұқтаждыққа ие балаларды қамту және қорғаншы, ата – ана қамқорлығынан айырылған, және толық емес отбасынан шыққан балаларды қамту көзделді. Ерікті демеушілер тарапынан осы категориядағы оқушыларға көмек қарастырылды. Ата-аналар тарапынан көмек сұраған барлық отбасыға көмек берілді,демеушілер атынан мектеп сөмкесі мен оқу құралдары және мектеп формасы берілді. 

Мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс айтылып, ризашылықтарын білдірді. Қазіргі таңда ата-аналар тарапынан ешқандай  арыз -шағым жоқ. 

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына имектеп формасы мен оқу құралы таратылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 шілдедегі №8 «Әлеуметтік  қорғалмаған  білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінген  қаражатты  жұмсау   ережелерін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, тиісті жылдың 31 тамыз жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына жылына бір рет берілетін мектеп формасы, рюкзак толы оқу құралы және аяқ киімтаратылды.

Мектеп бойынша әлеуметтік көмек тағайындалған 80 бала мектеп формасымен,рюкзак оқу құралдарымен   қамтылды.


Аз қамтылған, әлеуметтік санаттағы оқушыларды «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры» есебінен берілетін киім – кешекпен қамтамасыз  ету

Жалпыға міндетті оқу қоры   жұмысын ұйымдастыру комиссиясының   мәселесі бойынша әлеуметтік   тұрмысы төмен , аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан білім алушыларға киім –кешек жағынан көмек берілсе деген  80 ата- ананың өтінішіне орай талапқа сай құжаттар жинақталды. Комиссия құрамының шешіміне сәйкес 2022- 2023 оқу жылында   жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан   тегін ыстық тамақ ішетін оқушылардың құжаттарына сай әлеуметтік көмек қажет ететін 183 оқушы ыстық тамақпен қамтылатындығын айтты. Осыған орай, тізім бойынша санаттары іріктеліп құжаттар жинақталды. Тізім бойынша 80 оқушының өлшемі нақтыланып, өтініштері қабылданды. Аталған оқушыларға заң талаптарына сай мектеп формасы берілді. 



«Қамқорлық» акциясын өткізу, қайырымдылық көмек көрсетілетін оқушыларды анықтау

         Қазақ өз ұрпағының тәрбиесіне көп көңіл бөлген халық.Ел болып егемендігімізді алғалы бері де жан жылуына зәру қандастарымызға Елбасынан бастап барша азаматтар барынша демеушілік жасауда. Осыған байланысты түрлі акциялар ұйымдастырылып оң нәтижелер көрсетуде.Елбасының оқушылардың мектепке толық қамтамасыз ету туралы штапсырмасын орындау мақсатында «Қамқорлық» акциясы жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр. Басты мақсаты тұрмысы төмен, көп балалы және жетім , мүгедек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету болып табылады.Сонымен қатар әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруға мүмкіндігі болмай қалатын балаларды алдын ала анықтап, оларға жәрдем беру. Жалпы бұл акцияның өзектілігі мен қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр десем болады. Атап айтсақ мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударып,міндетті орта білім алуға барлық азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық және түсіндірме жұмыстары жүргізілген.Мектебімізде «Қамқорлық акциясын» өткізу туралы бұйрық шығарлып,жоспар құрылды.  Акцияға сәйкес мектеп ұстаздары және мектеп директоры біріге отырып  Жалғызбасты ана тәрбиесіндегі оқушылар 7А-сынып оқушысы Дүйсен Нұрболат,6А-сынып оқушысы Дүйсен Жанарға 37000 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді

Балалардың қорғаныс дәрежесі - кез келген өркениетті қоғамның, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығының басты индикаторы. Балалар - әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтан ең көп дәрежеде зардап шегетін азаматтардың санаты. Отбасы дағдарысы, көп отбасылардың ауыр материалдық жағдайы, дәстүрлі отбасылық қатынастардың күйреуі, ажырасулар санының артуы балалардың жағдайының нашарлауына елеулі әсер етеді. Соңғы жылдары болған өзгерістер бала проблемасын күрт өршітіп, осы салада қабылданатын шешімдердің ерекшелігін белгіледі.

 Мектепшілік есеп бойынша қамқоршылық тәрбиесіндегі оқушылар.Барлық отбасы балалары бақылауда, үйлеріне  тоқсан сайын рейд жүргізіліп отырады. Оқушылардың 1,2 тоқсан бойынша сабақ үлгерімі бір қалыпты. Психологтар үнемі жұмыс жасау үстінде, оқушылардың психологиялық жағдайлары жақсы. Отбасындағы қарым-қатынастары бір қалыпты.

 Оқушылардың үйің аралау барысында нақтыланғаны, барлығында жеке жатын бөлме, жеке керует, сабақ оқуға қолайлы  жұмыс үстелі және ноутбук,компьютерлері бар.23.03-20.04 күні аралығында мектебімізде қайырымдылық іс шарасы өтті.Қайырымдылықтан 55 000 мың теңге көлемінде қаржы жиналды.Әжсінің қамқорлығында тәрбиеленіп отырған 3В сынып оқушысы Майрамбай Диасқа 10000,жалғызбасты көпбалалы,азқкамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан 3Ә сынып оқушысы Серікбай Жанқуатқа 15000,көпбалалы жалғызбасты ана тәрбиесіндегі 3А сынып оқушысы Қажы Ғаділбекке 10000,азқамтылған отбасында тәрбиеленіп отырған  5А сыныбында оқитын Қаржаубаева Гүлданаға 20000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.Жалғызбасты ана тәрбиесіндегі 3Ә сынып оқушысы Серікбай Жанқуатқа,5А сынып оқушысы Серікбай Жанболатқа сынып жетекшілері және ата-аналары тарапынан 80000теңге көлемінде азық-түлікпен қамтамасыз етілді.Көпбалалы азқамтылған отбасында тәрбиеленіп отырған Құсайын Ажарға мектеп ұстаздары тарапынан 30000теңге көлемінде көмек көрсетілді.


Ерекше мұқтаждыққа ие оқушылармен жұмыс «Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауыңа жәрдем ет!»

Мектепішілік  тізімде үйден оқитын жеті оқушы бар. Мұқтаждыққа ие оқушыларымыз әрдайым жіті бақылауда. 

Жоспарға сәйкес мектебімізде психологтармен біріккен түрде, тоқсан сайын мүмкіндігі шектеулі, өгей анасымен, үйден оқытылатын, қамқорлық, қорғаншылық тәрбиесіндегі оқушылар үйлерін аралау рейді жүргізіледі. Мектепішілік есеп бойынша  мүмкіндігі шектеулі,үйден оқитын жеті оқушы тіркелген. Қамқоршылық тәрбиедегі оқушылармен,медреседе оқитын оқушылармен. Мектеп директоры,әкімшілігі барлық оқушылармен тығыз байланыста. Тоқсан сайын тұрғын үй зерттеу актісі жасалып,ата-аналарымен тығыз байланыс орнатылған. 

Жаңа жыл мерекесіне орай  үйден оқитын,ерекше мұқтаждыққа ие оқушыларымызды жаңа жылымен құттықтап жылы лебізімізді білдірдік.Мектеп директоры және әкімшілік мүшелері үйден оқитын,көп балалы,аз қамтылған отбасындағы оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар таратты.



turkey the best 2022 diyarbakır escort - ofis escort web site.