"Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп" » Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72775) 4-05-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп"
01
сентябрь
2021

"Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп"




Рақымжан Тоқатайұлы Тоқатаев (5 қаңтар 1923 — 6 желтоқсан 2011) — 1672-ші танктерге қарсы жойғыш артиллериялық полкінің қару бағыттағышы (38-ші армия). Кеңес Одағының Батыры.
Рақымжан Тоқатаев Алматы облысыЕңбекшiқазақ ауданы, Қаракемер ауылына қарасты, Киров колхозында 1923 жылы қаңтардың 5-i күнi дүниеге келген. Бұл ауылдан аттанған көп азаматтардың iшiнен екi Кеңес Одағының Батыры шыққан. Бiрi Рақымжан Тоқатаев болса, екiншi – Кеңес Одағының Батыры Қашаған Жаманқараев.Ол Батыр атағынан бөлек, осы марапатқа тең дәрежедегi «Ерлiгi үшiн» медалiнiң, сондай-ақ, 3 дәрежелi Даңқ орденiнiң және 1-дәрежелi Отан соғысы орденiнiң иегерi.
Екi рет «Халық ағарту iсiнiң үздiгi» белгiсiмен және Жоғарғы Кеңестiң құрмет грамоталарымен марапатталған. Бiрнеше рет ауылдық Кеңестiң депутаттығына сайланған, сонымен қатар, бiрнеше жыл қатарынан аудандық партия комитетiнiң мүшесi болған.
Рақымжан Тоқатайұлы еңбек жолын Есiк қаласында ұстаз болып бастады. 1942 жылы Кеңес әскерiнiң қатарына алынып, отанды қорғауға барды. Украина майданы құрамында Курск, Киев, Житомир бағытындағы шайқастарға қатысып, Чехословакия жұртшылығын жаудан азат еттi. Старшина дәрежесiнде танкке қарсы зеңбiректiң жетекшiсi болды.
1945 жылдың көктемiнде Карпат жотасында болған ұрыста 13 немiс танкiн атып жойды. Сол шайқаста көрсеткен ерлiгi үшiн «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болып, III дәрежелi «Даңқ орденiмен» марапатталды.
«Сталинское знамя» атты майдан газетi бұл оқиға туралы 1945 жылы былай жазған: «Н… елдi мекенi маңайында болған оқиға бiздiң бөлiмге, тiптi, бүкiл әскери құрамға танымал болды. Сержант, 76 мм. зеңбiректiң жетекшiсi, Рақымжан Тоқатаев танкке қарсы жауынгерлiк ерлiк көрсетiп, бiр ұрыста 13 немiс танкiсiн атып жойды.
Түн. Кеңес жауынгерлерi автомат, мылтық, пулемет арқылы немiстерге қарсы атыс жүргiздi. Артеллерия атысқа қосылмады – оқты бұдан маңызды шайқасқа сақтады. Тез арада танк шабуылы басталуы мүмкiн. Қарымта шабуыл сағат 14:00-де басталды. Жау, түтiн бүркеуiн пайдалана отырып, 18 бронебiрлiгiн шайқасқа шығарды. Сол кезде сақтаған артиллерия оқтары iске жарады. Зеңбiректiң жетекшiсi Тоқатаев Рақымжан бұл ұрыста 13 немiс танкiсiн атып-жойды. Әдiсшiл және ержүрек жауынгер бұл күшi тең емес ұрыста жеңiп шықты».
turkey the best 2022 diyarbakır escort - ofis escort web site.