2022-2023 оқу жылындағы кітапхананың жұмысы мен жетістіктері » Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72775) 4-05-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылындағы кітапхананың жұмысы мен жетістіктері
03
июль
2023

2022-2023 оқу жылындағы кітапхананың жұмысы мен жетістіктері

«Оқуға құштар мектеп» кітап оқуды дәріптеуге арналған жоба бойынша қыркүйек-желтоқсан  айларында өткізілген іс-шараның барысы 

Жоспарға сәйкес қыркүйек айында «Кітап оқы, рухани бай бол!» атты тақырыпта  Оқуға құштар мектеп жобасының таныстырылымы (презентация) өткізілді. Жобаның мақсаты мен міндеті, өзектілігі, күтілетін нәтижелері мен жобаның жылдық жоспары көпшілікке видеожазба арқылы таныстырылды. 

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кел, балалар, оқылық" тақырыбында 1-сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат жасалды.
 Мақсаты: Балалардың кітапқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, ой-өрісін, білімін, шығармашылық қабілетін дамыту, кітаптың маңызын түсіндіру. Сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керек екенін түсіндіре отырып, оларды адамгершілікке, мейірімділікке, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Саяхат барысында кітаптың шығу тарихы, кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор екені туралы айтылып, адамзат ақыл-ойының көркем жемісі болып саналатын кітаптың ешқашан өз құндылығын жоғалтпайтыны жайында кеңінен әңгімеленді. Күнделікті қолданыста жүрген кітаптың өзіндік қызықтары жайлы ақпараттар мен деректер беріліп, кітаптар әлеміне саяхат жасалды.

«Кітапхана, оқырман –нәтижеге бастар жол» атты аудандық семинарымыз да атқарылып жатқан жұмыстардың аяқсыз қалмаған нәтижесі іспетті кітапханашы  Саяш Садыкованың ұйымдастыруымен кітапханашылар арасында тәжірибе алмасуға бағытталған «Кофе брейк» болып өтті. Семинарды Аудандық білім бөлімінің әдіскері Зура Құлмағанбетқызы мен мектеп директоры Тамара Байжұмақызы өзінің құттықтау сөзімен ашты. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай Қуандық Айжұлдыздың ақынның аударма мысал өлеңдерін нақышына келтіре орындауымен, Рахат №1 орта мектебінің кітапханашысы Меруерт Ерболатқызының «Ахметпен сырласу» атты арнау өлеңдерімен жалғасын тапты. Сондай- ақ, кітапханашылар арасында іс-тәжірибе алмасу барысында «Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің» кітапханашысы Мадина Уразова және Рахат №1 мектебінің кітапханашысы Меруерт Ерболатқызы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Кітапханашылар арасында «Суреттер сөйлейді» ойынымен сергіту сәті ұйымдастырылса, «BOOK TASTE яғни қазақ тіліне аударғанда «Кітаптың дәмін татып көр» деп аталатын ойындар өте қызықты көрініс тапты.

 0-1сыныптар арасында ертегілер еліне саяхат "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" сахналық көрініс қойылды. Жарық шамдары арқылы қойылған сахналық көріністе қарлығаштың адамға достығы мен батылдығы шебер суретеліп көрермен жүрегіне жол таба білді.

 "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, бес бағытың төртінші бағыты мектеп театоры бағыты бойынша 4- сыныптар қуыршақ театоры "Орманда болған оқиға" атты театрланған қойылым қойылды. Әр түрлі обырыздарды мектеп оқушыларымыз өз денгейінде ойнап, көрермендер ықыласына бөленді.

Мамыр айының 17 ші жұлдызында «Оқуға құштар мектеп»жобасы бойынша «Ақындығым бастау алған тұмаңнан» атты әдеби портреттік кеш ұйымдастырылды . Кешіміздің қонағы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын ,аудармашы «Серпер» сыйлығының лауреаты ҚР Ақпарат саласының үздігі «Алтын сақа» баспасының бас редакторы Саят Қамшыгер . Ақынның Башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтің «Тастамашы, ана »атты кітабін аударған С.Қамшыгермен кездесуде оқыған кітабімізді талқылап, кітап желісі бойынша сахналық қойылым қойылды. Ақынның әр сөзі көрермен жүрегінен орын алып, еріксіз көзге жас үйірді. Жанды жырға,жүректін нұрға, көңілді ойға бөлеген кездесу болды. Іс-шара барысында оқушыларымыз ақынға деген жүрекжарды сұрақтарын қойып ақынның дана сөздерінен нәр алды. Іс-шара соңында Аудандық кітапхан директоры Д. Әділжанқызы және мектеп директоры Т. Байжұмақызы, мектеп кітапханашысы С.Садыкова өз сөздерімен қортындылады.

turkey the best 2022 diyarbakır escort - ofis escort web site.