2022-2023 оқу жылындағы педагог - психологтың жұмысының талдауы » Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72775) 4-05-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылындағы педагог - психологтың жұмысының талдауы
03
июль
2023

2022-2023 оқу жылындағы педагог - психологтың жұмысының талдауы

Мектеп оқушыларына әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету мақсатында 2022-2023 оқу жылына психологиялық жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.

        Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2022 жылғы 25тамыз №377 бұйрықты басшылыққа ала отырып ,оқу жылының басында мектепте психологиялық кызметі ұйымдастыру үшін жылдық айлық, апталық жұмыс жоспары құрылып бекiтiледi.

        1-11 сынып оқушыларының жеке психодиагностикалық картасы жасалынды. Сонымен қатар, барлық сынып оқушыларының әлеуметтік тұрмыс-жағдайы сынып жетекшісімен бірге тексерiлiп, қорытындысы шығарылды.


Психологиялық қызметтің  басты мақсаты-даму мен оқу- тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни  білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1.Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру.
 2.Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

3.Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.

4.Ай соңында   өткізілген  іс-шаралар туралы  анықтама   жазу. Директор  жанындағы  жиналыста   оқу.

Жоғарыда аталған мақсат пен міндеттерге сүйене отырып, психологиялық қызметтің  бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.

Әдістеме:  «Керн-Йерасик»
 
«Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің  2022-2023 оқу жылының жоспарына сәйкес 1-ші сынып оқушыларының оқуға  бейімделуі  үрдісін   зерделеу жұмысы жүргізілді.
 Зерделеудің мақсаты 1- сынып сынып оқушыларының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланың танымдық қабілеті , қолдың жұқа маторикасының дамуын,  оқу үрдісіне бейімделуін зерттеу. 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі зерделеу мақсатында жоспар жасалынып әдістемелер өткізілді.   Диагностикалық бағытта  оқушының танымдық қабілеттерін зерттеу бойынша ; қабылдау,  ойлау, есте сақтау, зейіннің тұрақтылығы, қолдың жұқа маторикасының дамуы, партада дұрыс отыруы, оқу кеңістігін қабылдауы зерделеніп,  Керн Иерасек әдісі арқылы мектепке дайындығы анықталды.
 1 «А» сыныбында 31оқушы болды.

Оның ішінде 13-қыз,18 ұл.

1 «Б» сыныбында 29 оқушы

Оның ішінде 13 қыз,16 ұл.

1 «Ә» сыныбында 30 оқушы

Оның ішінде   14-қыз,16 ұл болды.

      Жалпы 1«А»,1«Ә»,1«Б» сыныптары  бойынша  зерттеуге 90 оқушы  қатысты.

Қорытынды : жалпы зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша  90 оқушымен зерттеу жүргізілді. 1 сынып оқушыларының арасында қолдың жұқа маторикасы жақсы дамыған. Танымдық қабілеттерінің зерттеу нәтижесі бойынша 3,3 пайыз оқушылардың қабылдау,

зейін  салу қабілеттері төмен деңгейді көрсетті. 

1 «Ә» сынып оқушысы Баймурат Айару  инклюзивті оқыту бойынша тізімге алынып,психологиялық сүйемелдеу жүргізілді. ОПМК қорытындысы бойынша арнайы педагог түзету –дамыту жұмыстарын жүргізді.

Әдістеме«Графикалық диктант»                              

Баланың ерік саласындағы даму деңгейін анықтау (Д.Б.Эльконин).

Зерделеудің мақсаты : мұқият тыңдай алу және үлкендердің тапсырмасын ұқыпты орындау, сызықтың бағытын қағаз парағына дұрыс жаңғырту, үлкендердің тапсырмасы бойынша  өздігінше әрекет ете алу қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Қорытынды : жалпы зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша  91 оқушымен зерттеу жүргізілді. Сынып оқушылары үлкендердің берген тапсырмаларын орындайды, берілген өрнекті дұрыс көшірді, ал тапсырма бойынша дербес әрекет етуі орташа.
 Ұсыныс:
 1.Ересектердің нұсқауларын балалардың орындай білуі, біліктілігін арттыру үшін, өзара қарым-қатынас өрісін дамыту, тиімді қарым қатынасқа машықтану, яғни байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру, өз күшіне сенуді қалыптастыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру керек
 Бейімделуінде қиындығы бар оқушылардың   психо-эмоционалдық  көңіл күйі  жіті қадағалаланып, қолдың жұқа маторикасын дамыту, графикалық диктант жаздыру арқылы дамыту және ерекше көмекті қажет ететін оқушыларға психологиялық ахуал қалыптастырылуы қажет.
 «Баланың мектепке бейімделуін эксперттік бағалауы»

әдістемесі (Чирков В. И, Соколова О. Л, Сорокина О. В.)

Жұмыс мақсаты: Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу схемасы (ата-аналар толтырады)
 Нәтижесінде:
 Сынып:1 «А» . Сынып жетекшісі:  Ж.Қасымбекова.30 ата-ана сауалнаманы толтырды, «Баланың мектепке бейімделуін эксперттік бағалауы»әдістемесі  қорытындысы бойынша  27 оқушы   яғни сыныптың 90 % бейімделу аймағында,3 оқушы 10 % толық емес бейімделу аймағында.
 
Сынып:1 «Ә» .Сынып жетекшісі:  : Ж.Сисенбаева
 
31 ата-ана сауалнаманы толтырды,нәтижесінде «Баланың мектепке бейімделуін эксперттік бағалауы» әдістемесі  қорытындысы бойынша  30 оқушы  яғни сыныптың 97 % бейімделу аймағында,1 оқушы 3 % толық емес бейімделу аймағында.
 Сынып:1 «Б» .Сынып жетекшісі:Ж.Ізмұхан.  30 ата-ана сауалнаманы толтырды, «Баланың мектепке бейімделуін эксперттік бағалауы»әдістемесі  қорытындысы бойынша  26 оқушы   яғни сыныптың 87 % бейімделу аймағында,4 оқушы 13 % толық емес бейімделу аймағында.
 Ұсыныс:Ойын арқылы оқушылардың сабақққа деген қызығушылықтары мен белсенділігін ояту.Өзара қарым-қатынас өрісін дамыту, тиімді қарым қатынасқа машықтану, яғни байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру, өз күшіне сенуді қалыптастыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру жұмыстарын  жүргізу.Бейімделуінде қиындығы бар оқушылардың  психо-эмоционалдық  көңіл күйін   жіті қадағалау, психологиялық ахуал қалыптастыру.

Әдістіме: «Не артық?Оқушылардың ойлау процесін диагностикалау

Жылдық жоспарға сәйкес 1 сынып оқушыларының бейнелік логикалық ойлауын,талдау және жалпылау амалдарының орындау үрдісін зерттеу мақсатында «Не артық» әдістемесі жүргізілді.
 Сынып:1 «А», 1 «Ә», 1 «Б» сыныптары
 Қатысқаны:  91
 Педагог-психолог:  Д.Ж.Жансеркеева
 Әдістеме: «Не артық?»
 Мақсаты: Баланың бейнелік логикалық ойлауын,талдау және жалпылау амалдарының орындау үрдісін зерттеу.

Қорытынды : жалпы зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша  91 оқушымен зерттеу жүргізілді. Баланың бейнелік логикалық ойлауын,талдау және жалпылау амалдарының орындау үрдісін зерттеу кезінде 1 сынып бойынша 29 оқушы өте жоғары деңгей,34 оқушы жоғары деңгей,27 оқушы орташа деңгей,2оқушы төмен деңгейді көрсетті.Өте төмен деңгей анықталған жоқ.Төмен деңгей көрсеткен 1«Ә»сынып оқушысы ОПМПК тұжырымдамасының қорытындысы негізінде (сложная дислалия) дефектолог К.Калжанова жоспар бойынша түзету дамыту сабақтарын жүргізді,  сонымен қатар психологиялық сүйемелдеу көрсетілді.1«Б»сынып оқушысын «Есік қаласының №6 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен кеңсс алу ұсынылды.

Әдістеме:«Мен не білемін?»
 Жылдық жоспарға сәйкес 2 сынып оқушыларының   сөздердің мағынасын түсінетіндігін,логикалық ойлауының көрініс бергендігін және тіл байлығын анықтау мақсатында желтоқсан айында «Мен не білемін» әдістемесі жүргізілді.
 Сынып: 2 «А», 2 «Ә», 2«Б» сыныптары
 Қатысқаны:  87оқушы
 Педагог-психолог:  Д.Ж.Жансеркеева
 Әдістеме: «Мен не білемін?»
 
Мақсаты: Баланың бейнелік логикалық ойлауын,талдау және жалпылау амалдарының орындау үрдісін зерттеу.
 Жылдық жоспарға сәйкес 2 сынып оқушыларының   сөздердің мағынасын түсінетіндігін,логикалық ойлауының көрініс бергендігін және тіл байлығын анықтау мақсатында желтоқсан айында «Мен не білемін» әдістемесі жүргізілді.
 Сынып: 2 «А», 2 «Ә», 2«Б» сыныптары
 Қатысқаны:  87оқушы
 Педагог-психолог:  Д.Ж.Жансеркеева

 2 сынып оқушыларының сөздердің мағынасын түсінетіндігін,логикалық ойлауының көрініс бергендігін және тіл байлығын анықтау нәтижесі

Ұсыныс:  оқушыларды үнемі ойланып оқуға бағыттау,оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта ойлау қабілетін  дамытуға арналған әдістерді пайдалану,оқушылардың жеке дара қасиеттерін ескеру,іс-әрекетке қызықтыра білу,пәнге деген  қызығушылығын, сүйіспеншілігін  арттыру, сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнату.

Әдістеме:Интеллектуалды даму деңгейін анықтау. (Э.Ф.Замбицявич тесті)

Жылдық жоспарға сәйкес 3 сынып оқушыларының  Ойлау операцияларын анықтау мақсатында « Интеллектуалды даму деңгейін анықтау» әдістемесі жүргізілді.

Сынып: 3 «А», 3 «Ә», 3«Б» ,3«В» сыныптары

Қатысқаны:105 оқушы  

Педагог-психолог:  Д.Ж.Жансеркеева

Әдістеме: « Интеллектуалды даму деңгейін анықтау»

Мақсаты:Ойлау операцияларын анықтау.

3 «А» сыныбында 26 оқушы ,3 «Ә» сыныбында 26 оқушы,3«Б» сыныбында 26,  оқушы,3 «В»сыныбында 27 оқушы.

Жалпы 3«А»,3«Ә»,3«Б» ,3 «В» сыныптары   бойынша  зерттеуге 105 оқушы  қатысты.


Сыныбы: 3 «А».Сынып жетекшісі: С.Искакова.Сыныпта  26 оқушы.
 жоғары ұпай-13 оқушы
 орташадан жоғары-7 оқушы
 орта ұпай-6 оқушы
 ортадан төмен оқушы анықталған жоқ

Сыныбы: 3 «Ә».Сынып жетекшісі: К.Калжанова.Сыныпта  26 оқушы.
 жоғары ұпай-11 оқушы
 орташадан жоғары-10 оқушы
 орта ұпай-5 оқушы
 ортадан төмен оқушы анықталған жоқ.
 

Сыныбы: 3 «Б».Сынып жетекші: Ж.Бердиева.Сыныпта 26 оқушы

жоғары ұпай-14 оқушы

орташадан жоғары-5 оқушы

орта ұпай-7 оқушы

ортадан төмен оқушы анықталған жоқ

Сыныбы: 3 «В».Сынып жетекшісі: Ж.Мырзабаева.Сыныпта   27 оқушы

жоғары ұпай-5 оқушы

орташадан жоғары-6 оқушы

орта ұпай-16 оқушы

ортадан төмен оқушы анықталған жоқ.

Ұсыныс:оқушыларды үнемі ойланып оқуға бағыттау,оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта ойлау қабілетін  дамытуға арналған әдістерді пайдалану,оқушылардың жеке дара қасиеттерін ескеру,іс-әрекетке қызықтыра білу,пәнге деген  қызығушылығын, сүйіспеншілігін  арттыру, сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнату.

Әдістеме:Зорлық-зомбылықтың алдын алу . 

Мақсаты: Оқушыларды зорлық-зомбылыққа қарсы өз-өздерін қорғап,әр аттаған қадамдарын дұрыс басып,қиыншылық кезде шарасыздықтың алдын алу және қиын жағдайда кімнен көмек сұрау керектігін үйрету мақсатында алынды. 

Сыныбы: 3 сыныптар.Қатысқаны:101 оқушы.

Қорытынды: 3-сынып аралығында сауалнама алынып, қорытындысы бойынша оқушылырдың зорлық-зомбылық көрмейтіндері белгілі болды.Оқушыларға зорлық-зомбылық болған жағдайда шарасыз қалмай, мектеп психологтарына жүгінуге болатындарын ,және ата-аналарына  әр қадамдарын, қайда баратындарын айтып, ақылдасып отыру керектігін толықтай түсіндіріліп, кеңестер берілді.Сауалнама арқылы оқушылырдың зорлық-зомбылыққа қарсы өздерін қалай қорғау керектігін түсініп ,өз ойларын сауалнама арқылы   дұрыс жауабын  белгілеп корсете білді.

Әдістеме: «Мектеп мотивациясы сауалнамасы» 

Сынып: 4 «А», 4 «Ә», 4«Б»,4 «В»,4 «Г»,4 «Ғ»,4 «Д» «Е» сыныптары
 Қатысқаны:  223
 Мақсаты: мектеп түрткісін анықтау
 Нәтижесі:

Әдістеме атауы: «Зорлық- зомбылықтың  құрбаны болмау үшін  өзіңді қорғау қажет» Сауалнама. 
 
                   Оқушыларды зорлық-зомбылыққа қарсы өз-өздерін қорғап,әр аттаған қадамдарын дұрыс басып,қиыншылық кезде шарасыздықтың алдын алу және қиын жағдайда кімнен көмек сұрау керектігін үйрету мақсатында 4 сынып оқушыларынан  «Зорлық- зомбылықтың  құрбаны болмау үшін  өзіңді қорғау қажет»сауалнамасы алынды
 Мақсаты: Оқушыларды зорлық-зомбылыққа қарсы өз-өздерін қорғап,әр аттаған қадамдарын дұрыс басып,қиыншылық кезде шарасыздықтың алдын алу және қиын жағдайда кімнен көмек сұрау керектігін үйрету.
  

Ұсыныс:Оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын үнемі жүргізу,түсіндіру,тәрбие сағаттарын өткізу.


«Не жетіспейді?», «Не артық?» әдістемелері

Мақсаты:ойлау ерекшелігін анықтау, мектеп алды даярлық тобы оқушыларының қабылдау ерекшелігін анықтау.

Қатысқаны:
 О «А»сынып 19 оқушы
 О «Ә»сыныпта 16 оқушы
 О «Б»сыныпта 19  қатысты

                 Мүмкіншілігі шектеулі үйден оқитын оқушылармен жеке түзету дамыту жаттығулары жүргізілді. Ата -анасына қажетті ақпараттар беріліп , кеңестер айтылды. Баланың көңіл-күйі , сабаққа деген ынтасы мұғалімдермен қарым- қатынасы бақыланып отырылды. Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, білімділік және біліктілік дағдылардың үйретудің жағдайын жасау; баланың есте сақтау динамикасын анықтау. Психикалық дамудағы мінез-құлқындағы ауытқушылығын анықтау, қолының ұсақ бұлшық еттерін, қимыл-қозғалысын нығайту  мақсатында тренингтер, тест, арт-терапиялар жүргізілді. Есте сақтау қабілеттерін нығайту мақсатында жаттығулар жүргізілді. Сабаққа деген ынта- жігерлері   қанағаттанарлық, отбасымен, мұғалімдерімен қарым-қатынасы жақсы. Ата-анасымен, сынып жетекші байланыста болу. Үнемі психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізу.

ОПМПК-ның қорытындысы негізінде  инклюзивті    білім  беру  бағдарламасы    

бойынша  оқытылатын    2022-2023 оқу жылындағы ерекше білімді қажет ететін оқушылармен топтық  түзете-дамыту сабақтарының жоспары құрылып, бекітілді.ОПМПК қорытындысы негізінде дефектолог маманы жұмыс жасауда,сонымен қатар педагог-психологтар түзету –дамыту жұмыстарын жүргізуде. Оқушылармен есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту-түзету, зейінді түзету мен дамыту жаттығулары, ұсақ моториканы дамыту, қабылдауын дамыту және түзету жаттығулары жүргізілді.

              1 «А»,1 «Ә»,1 «Б» сынып оқушыларымен қолайлы эмоциялық атмосфера құру,балалардың оқушы мәртебесін ұғынуы мақсатында«Алақай! Мен оқушымын», "Мектеп өмірінің ережесі" ,тақырыбында бейімдеу сабағы жүргізілді. 

1-сынып оқушыларының мағыналық есін дамыту мақсатында «Сөздер жұбы» тақырыбында ес процесін дамыту және түзету жұмысы жүргізілді.Сабақтың мақсаты мен оның өтілуі   түсіндірілді.Оқушыларға бірнеше сөздер жұбы айтылып, есте сақтау ұсынылды. Жұп сөздің біріншісін айтқанда,есте сақтау бойынша екінші жұбын оқушылар айтып отырды. Зейіннің ауысу мен бөліну жылдамдығын,баланың танымдық белсенділігін және ой-өрісін кеңейту мақсатында «Жануарды қалдырып кетпе (жеміс)» тақырыбында ойын-жаттығуы жүргізілді.Оқушылар ойынға белсене қатысып,көңііл-күйлері жоғары деңгейде болды. Зейінді дамыту және түзету «Графикалық диктант»жаттығуы жүргізілді.1 сынып оқушыларының байқағыштығын дамыту мақсатында « Айырмашылықты тап» тақырыбында ойлауын дамыту және түзету  жұмысы жүргізілді.Оқушыларға сабақтың мақсаты мен оның өтілуі   түсіндірілді.  Елеусіз 10 айырмашылығы бар мазмұны жағынан күрделі емес өзара ұқсас екі жұп суреттер ұсынылды.Оқушылар суретке мұқият қарап,«Тоқта» деген белгіден соң суретті жауып,содан кейін суреттен байқаған айырмашылықты айтып берді. Сабақтың соңы «4 құбылыс» ойын-жаттығуымен аяқталды.

Өз-өзіне қол жұмсаудың,субмәдениеттің,сайт ақпараттарының алдын алу мақсатында 4 "Г" сынып оқушыларына "Мен өмірді сүйемін" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

«4 Ә»  сынып оқушыларымен "Дос",  достық"сөздерінің адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу мақсатында «Бәріміз біргеміз!» тақырыбында тренинг жүргізді. Міндеті: Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру.

"Буллинг,кибербуллинг және оның алдын алу жолдары "Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп"КММ-де   педагог-психолог Д.Ж.Жансеркееваның ұйымдастыруымен  4"Е" сынып оқушыларымен профилактика және психологиялық ағарту бағыты бойынша "Буллинг,кибербуллинг және оның алдын алу жолдары "тақырыбында алдын алу іс-шаралары жүргізілді.  

Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру,оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету.Буллинг,кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру,өзара сыйластық қарым-қатынас орнату.

Іс-шара барысында: буллинг пен қақтығыс арасындағы негізгі ұғымдар мен айырмашылықтар; буллингтің салдары; буллинг пен кибербуллинг жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік; буллинг пен кибербуллинг құрбандарына психологиялық қолдау және көмек көрсету қарастырылды. Білім алушыларға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.Оқушылар іс-шараға белсене қатысып,өздерінің сұрақтарына жауап алып, «буллинг,кибербуллинг», «зорлық-зомбылық» туралы түсініктерін жетілдіріп,қоғамда,сыныпта әр адаммен сыйластық,достық қарым-қатынаста болатындарын айтты.Сонымен қатар оқушыларға өздерінің құқықтары жайлы айтылып,қандай жағдай болмасын ата-анамен сырласып,еш нәрсе жасырмай,әр кезде шындықты айту керек екендігін,және әр кезде педагог-психологтың көмегіне жүгінуге болатын түсіндіріп өтті.»Іс-шара соңында оқушылар арасындағы достық,өзара сыйластық қарым-қатынастарын нығайту барысында ойын-жаттығулар жүргізілді.

'Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"тақырыбында тренинг- сабақ.

4 сынып оқушыларымен профилактика және психологиялық ағарту бағыты бойынша 'Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ", «Буллинг кибербуллинг және оның алдын алу» тақырыбында тренинг- сабақ жүргізілді.                                    

Мақсаты:Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету,адамның ең жаман қасиеті біреуге күш көрсету екенін айту.Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.

« Қарым- қатынас» тренинг сабағы .Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа,достыққа,шындыққа,тәрбиелікке үйрету мақсатында 4 сынып оқушыларымен « Қарым- қатынас» тақырыбында тренинг сабағы өткізілді.Оқушылар шеңберге   тұрып,кезекпен сәлемдесіп,әр оқушы өз есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қосып айтып шықты.Оқушылардың бойындағы табылған қасиеттерді саралап,қорытындылап,тренинг сабақтың ережесін түсіндірілді Оқушылармен  «Пульс ойыны»,«Қатып қалу »жаттығуы, «Суретті аяқта» жаттығулары орындалды.Адамдар бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болу үшін қандай қасиеттер болу керектігі жайлы талқылап,барлық оқушының ойы тыңдалып,қорытынды жасалды.

Тақырыбы: "Буллинг,кибербуллинг және оның алдын алу жолдары "

Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру,оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету.Буллинг,кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру,өзара сыйластық қарым-қатынас орнату.

Қатысқаны: 3 сыныптар

Мақсаты: Іс-шара барысында: буллинг пен қақтығыс арасындағы негізгі ұғымдар мен айырмашылықтар; буллингтің салдары; буллинг пен кибербуллинг жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік; буллинг пен кибербуллинг құрбандарына психологиялық қолдау және көмек көрсету қарастырылды. Білім алушыларға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.Оқушылар іс-шараға белсене қатысып,өздерінің сұрақтарына жауап алып, «буллинг,кибербуллинг», «зорлық-зомбылық» туралы түсініктерін жетілдіріп,қоғамда,сыныпта әр адаммен сыйластық,достық қарым-қатынаста болатындарын айтты.Сонымен қатар оқушыларға өздерінің құқықтары жайлы айтылып,қандай жағдай болмасын ата-анамен сырласып,еш нәрсе жасырмай,әр кезде шындықты айту керек екендігін,және әр кезде педагог-психологтың көмегіне жүгінуге болатын түсіндіріп өтті.»Іс-шара соңында оқушылар арасындағы достық,өзара сыйластық қарым-қатынастарын нығайту барысында ойын-жаттығулар жүргізілді.

«Достық татулықтан  басталады»тренинг сабақ

Мақсаты:Оқушылардың   арасындаға жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал  дос   болуға және  қоршаған  ортамен    дос  болуға  үйрету.Адам   қарым –қатынасындағы  достық  ұғымы   туралы  түсінік   беру; оқушылардың  арасында   достық   сезімдерін  дамытуға   ықпал  ету; оқушыларды  сыйластыққа,    әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа, тәрбиелеу.

Қатысқаны:3 сыныптар

Оқушылардың   арасындаға жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал  дос   болуға және  қоршаған  ортамен    дос  болуға  үйрету,адам   қарым –қатынасындағы  достық  ұғымы   туралы  түсінік   беру,оқушылардың  арасында   достық   сезімдерін  дамытуға   ықпал  ету, оқушыларды  сыйластыққа,    әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа, тәрбиелеу мақсатында «Достық татулықтан  басталады» тақырыбында тренинг сабақ жүргізілді.Сабақ барысында тақырыпты ашу мақсатында «Дос деген кім?», «Сендер өз достықтарынды неге теңейсіңдер?» деген сұрақтар қойылды.Оқушылар жауапты өздері салған сурет бойынша түсіндірді.Психолог достық татулықтан басталатыны түсіндіріп өтті.   «Жалғастырып көр» ойынында оқушылар берілген сөйлемдерді өз ойларымен аяқтады.Оқушылар сынып арасында достық қарым-қатынас орнағаның,бір-бірімен дос екенің айтты.Педагог-психолог оқушыларға адал достарының көп болуына, сыныпта,өмірде  әрқашан тату болуларына тілек білдірді.Сабақ соңында оқушылар мейірімділік, сүйіспеншілік, әдептілік, ізеттілік, қайырымдылыққа толық қобдишадан жүректер алып,бір-біріне тілектер айтты. Оқушылар достық татулықтан басталатыны жайлы түсінік алды.

Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы екендігін түсіндіру,ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,өзін-өзі тануына бағыт беру,тәрбие жайлы пікір бөлісу,ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру,кеңес беру мақсатында «Жүрек жылуы » ,«Ата-ана қуанышы – бала», «Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға», «Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы- отбасы», «Зорлық-зомбылықсыз отбасы»тақырыптарында ата-аналармен тренинг жиналыс, кездесулер  өткізілді. Мүмкіншілігі шектеулі үйден оқитын оқушылар мен   ата-аналарына психологиялық көмек беру мақсатында психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

5сыныпта барлығы – 75 оқушы оқиды. Қыркүйек, қазан  айларында   оқушылармен   орта  буынға  бейімделуі мен сабақтастыққа  байланысты   зерттеулер  жүргізілді, социометриялық  сауалнамалар  алынып отырды:  «Оқушының сыныппен қарым-қатынасын бағалау» әдісі, Н.Г.Лускановтың «оқу мотивациясын зерттеу» әдістемелері алынды. Жалпы оқушылардың орта буынға   бейімделу   жақсы  өтті, қатты  қиналған   оқушылар мүлде   байқалмайды, бейімделуі орташа деңгейде 12% екені   анықталды

 Психологиялық қызмет көрсету жұмысының жылдық жоспарына сәйкес қыркүйек  және наурыз айларында 5-9-сынып оқушыларының арасында «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық» (жасырын) сауалнамалары жүргізілдіНаурызда жүргізілген сауалнама бойынша барлығы сұралған 179 оқушының 19% -ы түрлі (психикалық,экономикалық, физикалық) зорлыққа орташа деңгейде ұшырағанынбілдірсе,қалған 81% «жоқ» деп

жауап берген.   ҰБТ-ге дайындық  бойынша психологиялық қызмет өз деңгейінде атқарылды. 11сыныпта барлығы 18   оқушы  білім алды. Олармен әр оқу жылында «Сіздің мамандық таңдау себебіңіз», «Сен байқампазсың ба?»,  Д.Голландтың «Тұлға типтерін анықтау» әдістемелері  жүргізілді.  Дарынды балалармен жұмыс анықталып, міндеттелген болатын. Осы жұмысты жандандыру мақсатында 6- сыныптан ШТУР тесті, 5-7 сыныптан Г.Резапкинаның «Ойлау типін анықтауға» арналған сынып оқушыларымен зерттеулер жүргізілді. Дарынды  балаларды   анықтауға  бірнеше  әдістемелер   қолданылды. 

4-сынып оқушыларының біліктілікті анықтайтын  тесті алынды. Тестке 47 оқушы қатысты, 4 субтесттен тұратын тапсырмалар жиынтығы берілді. Нәтижесі келесідей болды: төмен көрсеткіш - 56%, ортадан төмен - 30%, орташа - 15%, жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар жоқ. Жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар болғанмен, дарынды балалармен жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, яғни дарындылар тобы құрылмаған, алайда келесі оқу жылында бұл жұмыс қолға алынады. Ата-аналардан «Мен қандай ата-анамын», «Сіз және балаңыздың қызығушылығы», «Балаңыз  кітап оқиды ма?» т.б.  сауалнамалар   алынды.   Сауалнама  нәтижесі  бойынша   ата-аналардың  көпшілігі  сұраққа   шынайы  жауап  берген. Сауалнамаға  қатысқан   ата-аналардың  89% балаға  немқұрайлық   танытпай, оның  қабылдаған  шешіміне, жетістіктеріне, таңдаған  мамандығына   үнемі  көңіл  бөлетіні    анықталды.  

Ұжыммен «Сіз стресске бейімсіз бе?», «Әділ мұғалім», «Сіз дау-жанжалға қалайсыз?» сауалнамалары мен тесттер  жүргізілді. Оқу  жылының   ақпан  айында  жоспарға   сәйкес  зерттеу  жүргізілді. Зерттеуге орташа есеппен    40   мұғалім  қатысты. Зерттелушілердің  36-ы  өздерінің   педагогикалық  қабілеті  өте   жақсы  екенін білдірді. Қалған 4 мұғалім педагогикалық  қабілеті, жағдаяттан  оңай  жол   тауып  шыға  білуі,   орташа  деңгейде екені  анықталды.

5-11сыныптар арасында  жүргізілген А.Беканың «Депрессиялық көңіл-күйін анықтау» тесті алынды. Қатысқан оқушылар саны - 224. Олардың 9% -ы  жеңіл ситуативті немесе невротикалық депрессияда жүргендігі анықталды. қалған 91% оқушылардың диагностикалық күйі-депрессиясыз.  

«Психобелсенді   қауіп қатерлі заттардан тәуелділіліктің қалыптасуының психологиялық денсаулықтың даму деңгейін анықтаудың диагностикалық жүйесі» бойынша 9-18 жас аралығындағы оқушылардан «Ішімдікке және есірткіге қарсы алдын алу» бағдарламаларын  (бейнеоқулық) пайдалана отырып диагностикалық сауалнама  алынды. Тест нәтижесінде нашақорлық, ішімдік өнімдерін пайдаланатын оқушылар анықталмады.

Түзету-дамыту бағыты

5-сыныптың орта буынға бейімделуін зерттеу нәтижесінде төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен «Алақай,мен 5сыныпқа көштім», «Мен қандаймын», «Өзін басқару» тренингтері өткізілді.  Суицидалді  мінез-құлықты  бейім, қарым қатынасқа қиын түсетін немесе қиналатын  оқушылармен топ  жинақталып, айына  бір рет   ұзақтығы 45мин.  тренинг  сабақтары   жүргізілді. Мысалы: қазан  айында «Көтеріңкі көңіл-күй»,  қараша  айында   «Жағымды сезім»,  желтоқсан  айында   «Жылы жүрек»,  ақпан  айында «Ашулы шарлар» т.б.  Осы оқу жылдарда    суицидалді   мінез-құлық  танытқан оқушылар  болмады.   ҰБТ-ға дайындық бойынша жыл басында жоспарға сәйкес оқушылармен жүргізілетін түзету-коррекциялық бағдарлама құрылды. Осы бағдарламаға сәйкес әр айдың   ішінде 1  сағаттан  ұзақтығы 45 мин. тренингтер өткізілдіЖалпы әр оқу жылында сынақтан оқушылар еш қиындықсыз, жүйке жүйесіне қысым түсірмей қатысып отырды. Мектеп ұжымымен қысымды түсіруге, жағымды ахуал орнатуға, дау-жанжалды болдырмауға арналған «Мен ғажаппын», «Тілектер тізімі», «Сатамын-сатып аламын» тренингтерін өткізілді. Жеңіл  ситуативті немесе невротикалық депрессияда жүрген оқушылармен жеке әңгімелесіп, депрессиядан арылуға кеңес берілді және көтеріңкі көңіл күй қалыптастыратын, қысымды түсіретін «Күйзеліске қарсы тұра алуға қалыптастыру», «Мен өмірді таңдаймын» тренинг сабақтары өтті. 

Ағартушылық бағыт.

7-11 сыныптарға «Аффективті бұзылыстар. Зиянды әдеттер»,   «Психобелсенді заттар қолданған науқастарда кездесетін созылмалы өкпе ауруларының өзекті мәселелері»   тақырыбында баяндама оқылды, бейнероликтер көрсетілді.  5-6 сыныптар «Салауатты өмір салтын таңдаймын» тақырыбында эссе жазды. 

Ата-аналарға:

  • Күйзеліс кезіндегі психологиялық кеңес берілді.
  • «Суицидке бейім балаларға арналған алдын алу жұмыстары» баяндама оқылды. Ата-аналарға «Өз балаңа үлгі бол», «Тыңдамаущылық себептері, баламен дұрыс қарым-қатынас» т.б тренингтері жүргізіліп, «Баланың дамуында нені білу керек?», «Зорлық-зомбылық» тақырыбында баяндамалар оқылу нәтижесінде  89%- ға  көтерілгені  байқалды. 

Ұстаздарға: 

  • «Жеткіншектік және қыз-бозбалалық шақтың психологиялық ерекшеліктері» баяндама оқылды. Күйзеліс кезіндегі психологиялық кеңес берілді.
  • «Суицидке бейім балаларға арналған алдын алу жұмыстары» баяндама оқылды.

Сондай-ақ мектепте  жыл   бойына  сенім  жәшігі   өз  қызметін  атқарып келді. «Сенім жәшігі» күн сайын   ашылып, хаттармен  танысып,  оларға  акт   толтырылып  отырылды. 2022-2023 оқу жылында жалпы тіркелген хаттар саны – 18. 

 «Балдырған» жазғы лагерінде психологиялық қызмет бойынша үш айда өткізілетін іс-шаралар жоспарымен жұмыс жасалуда. Олармен  топта ынтымақ, жағымды эмоциялық жағдай тудыру қиялды,шығармашылықты дамыту,болашақты жоспарлау ерікті бақылау дағдысын дамыту және көңіл-күйді реттеу   мақсатында «Мен кіммін?», «Шеңбер бойымен қошемет», «Өрмекші торы» т.б.жаттығулар жүргізілді

Қорыта келе мектептегі оқушылармен жүргізілген  психологиялық зерттеу жұмыстардың жауап көрсеткіштері жаман емес, суицидке барған оқушы болған жоқ. Жыл басында қойылған жұмыс мақсаты мен міндеттері орындалды.

Мектеп ұжымымен жұмыс

Мұғалiмдер аралығында «Стандартты-стандартты емес мұғалім», «Сіздің қарым-қатынас стиліңіз» тесттері жүргізілді. «Стандартты емес мұғалім» типіне сай келген 60% ұстаздар өздерінің заман талабына сай стандартты емес ойлау дағдысымен балаларды түсіне алатындығы анықталды. Мектепте оқушылар мен мұғалімдер арасында, мұғалімдер мен ата-аналар арасын дау-дамай туындаган жоқ. «Мұғалім-оқушы» сауалнамасы қортындысы бойынша мұғалім мен оқушы карым-катынасы қалыпты деңгейде бағаланды. Эмоционалды өрiстiн жай-күйін анықтау мақсатында Люшер- Лутошекин әдістемесі жүргізілді. Эмоционалдық тұрақтылығы төмен мұғалім керсеткіші  0%, орташа-36,8% жоғары -68,4% көрсетті. Жүргізілген диагностикалардың қорытындысы бойынша  эмоционалдық тұрақтылықтары қалыпты жағдайда.

Ұстаздар арасында жүргізілген диогностикалардын кортындысы бойынша «Тынығу –тыныштандыру», «Мен гажайыппын», «Айналайын» тренинг сабақттары жүргiзiлдi. Стресті қалай жеңуге болады?, «Мұғалім мен оқушы карым-катынасының психологиялык жақтары тақырыптарында баяндамалар оқылды. «Стреске карсы 10 амал мен ереже» тақырыбында жадынамалар таратылып, кеңестер берілді. Мектеп ұжымындағы жас мамандар саны-6. Қыркүйек айының жұмыс жоспары бойынша «Темперамент», желтоксан айында «Эмоционалдық тұрақтылықты анықтау», каңтар айында «Педагогикалык қабілеттіліктерді pеттey», ақпан айында «Стресс сізге зиянын тигізе ала ма?» сауалнамалары жүргізілді. Диагностика нәтижелері бойынша «Сатамын, сатып аламын», журек», «Айналайын» тренинг сабақтары жүргізілді. «Мұғалім мен

оқушы қарым-қатынасы», «Баланы мақтау мен жазалау» тақырыптарында баяндамалар оқылыды.

Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналармен жұмыс жоспары бойынша қараша айында «Сіз кандай ата-анасыз?» сауалнамасы алынды. Ата-анага ашык хат жазылды. Ата аналармен «Отбасы зорлық-зомбылыктын алдын алу», «Ұялы телефонның бала агзасына зияны», «Балаңыздың не көріп жүргенін білесіз бе?» тақырыптарында ағартушылық жұмыстар жүргізілді. «Жанұя бақыты». «Жағымды көңіл-күй қалыптастырайык» тренинг сабақтары жүргізілді. «Ата ана сіз үшін..», «Ата-ана қаперіңізде болсын» тақырыптарында жадынамалар таратылып берілді. 

Балалардын психикалық денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету маселесі бойынша «Беги или умри», «Синий кит», «Тихии дом»ойындары бойынша ата-аналар жиналысында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Өреннiң өмірі өксімесін десек», «Балаға жасалган қиянат тақырыптарында баяндамалар оқылды.


Суицидтiн алдын алу жұмысы

Окыс окигалардын алдын алу максатында тұлғаның  қобалжу деңгейін анықтау максатында «Спилберг-Ханин» тесті» жүргізілді. Нәтижесiнде   тестілеуге қатысқан оқушылардың ешқайсысы суицидке бейімділігі жоқ, суицид қаупі жоқ екендігі анықталды.

 Төменгі қобалжу - 16 %, қалыпты кобалжу - 81 %, жоғаргы кобалжу - 3,9 % көрсетті,

Суицидтің алдын алу максатында «Мен өмірді сүйемін», «Өмір қымбатсың маган», «Өмір гажайып» тақырыбына шығарма, «Суицидті адамдарды зерттеу сызбасы» сауалнамасы алынды. Нәтижесінде отбасыларында маскүнемдікке бейімделген ата-аналар жок. Туыстары арасында өзiне-өзi кол жұмсагандар жоқ.Окушылардың отбасылық тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлары жаксы. Отбасы қарым-қатынастары жақсы. Бейресми топтарга қатысатын оқушылар жоқ Мектепте зорлық-зомбылық куш көрсететін оқушылар кездеспейді. Ішімдікке, темекіге әуес оқушылар жоқ.Осы уакыттка дейiн еріксіз өзiне коп жұмсап, өзiне қиянат жасаған оқушы болган жоқ.Өлімнен қоркуы бар қысқаша хат жазып калдырган оқушылар болган жок. 

«Зорлык-зомбылықтың алдын алу» тестінін натижесі бойынша мектепте сынып арасында жалпы мектеп бойынша оқушылар арасында бір-біріне куш көрсетіп, физикалык-зорлык зомбылык көрсететін оқушылар 5%,  экономикалык-3,5%.Мектептен тыс кезде бегде адамнан физикалык, психикалык, эмоционалдық зорлық-зомбылык көрген оқушылар жоқ. Сауалнама сұрактары нәтижесінде сексуалды зорлық-зомбылык көрген оқушылар жоқ. Мұғалімдерден зорлық-зомбылық көрген оқушылар кездеспейді.Отбасында зорлық-зомбылық көрген оқушылар кездеспеді.

Облыстық білім басқармасының  06.02.2017жылғы № 42-42/27/1 хатына сәйкес соңғы кездері әлеуметтік желілерде таратылып жаткан «Беги или умри», «Синий кит», «Тихий дом» т.б ойындарынын окушылар жуйкесіне  кері әсері туралы хатқа байланысты оқушылар арасында түсіндіру жургілді. Ата-аналарга, мұғалiмдерге жиналыс жүргізілді. Интернет желiсiндегi окушылардың «Море китов», «Тихий дом». Разбуди меня в 4:20», «Беги или умри», «Синий кит» сайттарына кіріп кетпеуіне орай алдын алу шаралары, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берiлдi.

Жүргiзiлген диагностикалардын қортындысы бойынша тәуекел тобына -4 оқушы, элеуметтік тұрмыс жағдайы төмен «Сәтсiз жанұя» тобындағы - 0 оқушы,жетім- қамқорлықта 2 оқушы тiркелдi. Осы тұжырымның негiзiнде окушылармен түзету жұмыстары жүргізіліп отырады. Пән мұғалімдерімен, ата-аналарымен ағартушылык-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. «тәуекел топтағы» оқушылармен сұхбаттар жүргізілді сондай-ақ оларды қажеттi психологиялық көмекпен қамтамасыз етілді. Бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, әртүрлі іс-шараларға тарту сабаққа қатысуы қадағаланып отырады, тузету-дамыту жұмыстары жүргізілді. 
turkey the best 2022 diyarbakır escort - ofis escort web site.